Мәдениет

Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты шара өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, облыс әкімі әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар жамбылдықтарға Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген мемлекеттік наградаларды тапсырды. Атап айтқанда, бір топ азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар «Парасат», II дәрежелі «Достық», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы», Ордендері мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары және ҚР Құрмет Грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хаттары табысталып, Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, шара барысында облыстық мәслихаттың шешімімен 8 азаматқа «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ақын-қаламгер және мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғауға айрықша үлес қосып жүрген азамат бар. Жиында өзге де азаматтарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі және облыс әкімінің Құрмет грамоталары да табысталды. Жамбыл облысының әкімдігі