Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жаңа техникалар табысталды
- NAQ.KZ
- 28 қазан, 2023
- 1.9k



- «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл өңірімізге 24 миллиард теңге қаржы бөлініп, 33 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Кооперативтерге ауыл шаруашылығы техникасын алуға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінсе, 2024 жылы 2,3 миллиард теңге қаржы қарастырылмақ. Нәтижесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы техникалары паркін 10 пайызға жаңарту тапсырмасын орындауға мүмкіндік беруде. Бүгінгі беріліп жатқан жаңа тракторлар – соның бір көрінісі. Айта кету керек, техникалардың жалпы құны 803 миллион теңгені құраса, оның бір бөлігі мемлекет тарапынан субсидияланады. Біз бұл іспен шектелмей, тұрғындардың табысын арттыру үшін жоба аясында өндіріс орындарын құруымыз қажет. Бұл өз кезегінде 2025 жылға дейін ауыл халқының табысы мен өмір сүру деңгейін арттырып қана қоймай, агрокешенді дамытуға оң әсер ететіні анық. Өздеріңіз білетіндей, агроқұрылымдарға қызмет көрсететін сервис орталығы ашылып отыр. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасап, саланың дамуына үлес қосады деген сенімдемін, - деді Қанатбек Мәдібек.




Жамбыл облысында «Егінжай-2023» дала семинары өтті
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024