Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жаңа техникалар табысталды

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жаңа техникалар табысталды

Байзақ ауданы, «БНК GROUP» ЖШС алқабында өткен шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек 10 ауданнан келген 15 кооператив төрағасына жалпы 55 дана түрлі ауыл шаруашылық техникасын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан соң облысымызда әр ауданынан келген кооператив төрағаларына «Ловол», «Зумлион», «Юто», «Мтз» маркалы тракторлар табысталды. Кооперативтерге берілген техникалардың жалпы құнының 50 пайызға дейінгі көлемі мемлекет тарапынан субсидияланады. Қонақтар техникалармен танысып, іске қосып көрді. Айта кетейік, 2019 жылы облысымызда пилоттық режимде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде өзінің тиімділігін көрсетіп, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, оң тәжірибе республика көлемінде таралуда. Жалпы биылғы жылы облыста 1885 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, 15%-ға жаңарту көзделсе, бүгінгі күні барлығы 1283 техника (8 комбайн, 306 трактор, 969 басқа да техника) алынып, 10,2 пайызға жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жамбыл облысының әкімдігі