
Қоғамдық қабылдауда жол мәселесі қозғалды
Байзақ аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, заң, әлеуметтік, тұрғын үй туралы толғаныстарын жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның өздерін толғандырған жеке мәселелерін тыңдап, бірқатарына заң талаптарына сәйкес жауап берді.
Бірінші болып қабылдауға келген Базарбай ауылының тұрғыны Талант Сәрсенбаев ауылда мәдени клубтың жоқтығы жайында, жолдың жағдайы нашар екенін және де түнгі мезгілде жарық беретін трансформатордың күші жетпейтіндігін айтты. Ауыл тұрғынының мәселесіне қатысты аудан басшысы тиісті мекемелерден жауап алатындығын және алдағы уақытта бұл мәселенің шешімі аяқ асты болмайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, Қосақ ауылының тұрғыны Өмірзақ Рахимов 130 тұрғын үйден құралған шағын ауылда балалар ойнайтын және спортпен шұғылдануға арналған алаңдар ашылса деген өтінішін білдіріп, көмек сұрады.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелердiң оңтайлы шешiмiн табуы үшiн заңдылығына сәйкес жұмыстар жасалып, ұсыныс - өтініштердің ескерілетіндігін жеткізді.
* * *
Осы күні аталған көшпелі қоғамдық қабылдау Мырзатай ауылдық округінде жалғасын тапты.
Қоғамдық қабылдауға келген мырзатайлық тұрғындардың сауалдарын тыңдаған аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы айтылған жағдайлар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, алдағы уақытта азаматтардың мәселелері оң шешімін табатындығын мәлімдеді.
Келесі мақала
Сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024