Жамбыл облысының әкімі «Меркі-2023» тексеру жиынының жабылуына қатысты
- NAQ.KZ
- 30 қазан, 2023
- 1.8k




- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ал заманауи әскери техника мен кару-жарақты жоғары деңгейде меңгерген әскери қызметші - еліміздің Қарулы Күштерінің қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып табылады. Аумақтық қорғаныс әскерлері ұлттық қауіпсіздікті сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі. Аумақтық қорғаныс әскерлерінің ерекше кезеңдегі негізгі міндеттерінің бірі жергілікті жерде маңызды нысандарды қорғау және күзету болып табылады. Ел іргесі берік болуы үшін Қазақстанның Қарулы Күштері, оның ішінде, аумақтық қорғаныс әскерлері кез-келген уақытта мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын болуы тиіс. Бұған тек үздіксіз дайындықтың арқасында ғана қол жететіні анық. Әскери жиынға қатысқан баршаңызға аумақтық қорғаныс әскерлерінің оқу жаттығу жиынына қатысып, әскери білімдеріңізді шыңдап, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, әскери жиынның тиісті деңгейде өтуіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіре отырып, отбасыларына амандық, дендеріңе саулық тілеймін. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын, - деді Ербол Қарашөкеев.




Отбасы құндылығын сақтау – мемлекеттің даму кепілі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024