Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі «Меркі-2023» тексеру жиынының жабылуына қатысты

Жамбыл облысының әкімі «Меркі-2023» тексеру жиынының жабылуына қатысты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Серік Бегалиев,«Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы  әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев, Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Болат Жылқыбаев «Мүңке» әскери полигонында өткен «Меркі-2023» тексеру жиынының жабылуына қатысты. Мемлекет басшысының «Аумақтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы міндеттері мен жүйесін бекіту туралы» Жарлығына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес өткен шара облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатына негізделген. Жиынға Меркі ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген барлығы 79 әскери міндетті қатысты. Олар 8 күн бойы әскери дайындықтан сабақтар өтіп, арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Бұдан соң аймақ басшысы полигондағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Сондай-ақ, бірқатар әскери техникалармен, оқу-жаттығу барысымен танысты. Әскери тексеру жиынының үздік қатысушылары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Дәл осындай жиындар ағымдағы жылдың сәуір, тамыз айларында Жуалы, Қордай аудандарында да ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өткізілген болатын. Жамбыл облысының әкімдігі