Жаңалықтар

Жамбыл облысында Қазақстан мен Үндістанның «ҚазҮнді-2023» оқу-жаттығуы басталды

Жамбыл облысында Қазақстан мен Үндістанның «ҚазҮнді-2023» оқу-жаттығуы басталды

Гвардейск гарнизонының танк бригадасы алаңында Қазақстан мен Үндістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарында көзделген бірлескен оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды NAQ.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне   сілтеме жасап. width=

Әскери қызметшілерге қарата «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев пен үнді контингентінің командирі полковник Маниш Пант сөз сөйледі.  width=

Қазіргі жаттығулардың ерекшелігі – қатысушылар құрамын арттыру. Құрлық әскерлерінің бөлімшелерімен қатар бұл жаттығуға екі елдің Әскери-әуе күштерінің әскери ұшқыштары, сонымен қоса Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.  width=

 width=

Аумалы-төкпелі жағдайда әскери контингенттер терроризмге қарсы операция жүргізеді, сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлерде қақтығыстардың тактикалық эпизодтарын пысықтайды. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді ескере отырып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және радиоэлектрондық күрес мамандары шартты қарсыластың ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларына қарсы іс-қимыл жасау міндеттерін орындайды. «ҚазҮнді-2023» оқу-жаттығуы биылғы жылдың 11 қарашасына дейін жалғасатынын айта кетелік.