Жамбыл облысының әкімі Жазғы Азия – 2023 және Пара Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
- NAQ.KZ
- 2 қараша, 2023
- 1.6k





- Мемлекет басшысы спортты дамытуға, ұлтты сауықтыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің ең маңызды стратегиялық басым бағыттарының бірі. Еліміздің спортшылары Олимпиада, Әлем және Азия ойындарында Көк туымызды желбіретіп, әнұранымыз сан мәрте шырқатты. Әулиеата жері – талай талантты спортшыларды тәрбиелеген қасиеттi мекен.
Сіздер дүбірлі додаларда жетістікке жетіп, тек Жамбыл облысының ғана емес, ел мақтанышына айналдыңыздар. Әлемдік ареналарда еліміздің атын шығарып, қасиетті Әулиеата жерінің атағын асқақтатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
2023 жылғы Азия паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша медальдар саны бойынша Жамбыл облысы Астанадан кейін екінші орында тұрғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл өңірімізде параспортшылар үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын көрсетеді.
Енді барлық күш-жігерді олимпиадалық тұғырды бағындыруға бағыттау керек, - деді облыс әкімі.




Газет оқу – ойлы оқырманның ісі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024