Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында 5,4 шақырым жолға асфальт төселуде

Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында 5,4 шақырым жолға асфальт төселуде
ашық дереккөз
Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында 5,4 шақырым жолға асфальт төселуде
Бүгінде тозығы жеткен Қызыләуіт ауылына кіре беріс жол жаңғыруда. Яғни 5,4 шақырым жолға асфальт төселіп, жол жамылғысы толық жаңартылуда.  Бұл туралы Талас ауданының әкімі Нұрболат Жүнісбеков әлеуметтік желісінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды NAQ.kz  width= «Аталған елді мекенге арнайы барып, жұмыс қарқынын көріп, ауыл азаматтарымен тілдестік.  width= Сапасына және асфальт жабындысының төселуіне ауыл азаматтары шағым білдірген болатын. Осыған орай жауаптыларға, мердігер мекемеге нақты тапсырмалар жүктеп, өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, жұмыстарды жобаға сәйкес атқаруды тапсырдым.  width= Жалпы, ауданымызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жолдарды жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.  width= Сонымен қатар, Қызыләуіт ауылындағы Қотырәуіт су қоймасының ағымдағы жөңдеу жұмыстарының барысын бағамдадық. Сондай-ақ, М.Қыстаубайұлы орта мектебінің жылыту жүйесін тексердік» - деп жазды аудан әкімі.  width=    

Ұқсас жаңалықтар