Мәдениет

Қордай ауданында әжелер байқауы ұйымдастырылды

Қордай ауданында әжелер байқауы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Қордай аудандық мәдениет үйінде ауданның 95 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында аудандық Ардагерлер кеңесінің және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, «Amanat» партиясының Қордай аудандық филиалының қолдауымен «Асыл әже» атты аудандық Әжелер байқауы өтті.  width= Байқаудың негізгі мақсаты халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Д. Сүгірбай құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  width= Байқаудың ережесі бойынша ақжаулықтылар ең алдымен өздерін  таныстырып, екінші кезеңде жеке немесе хормен ән айтып, мың бұрала би билеп, өзге де өнерлерін ортаға салулары тиіс болды.  width= Ал сайыстың үшінші кезеңінде тәрбиелік мәндегі қойылымдар (ене мен келін, ана мен қыз, әже мен немере, т.б. арасындағы қарым-қатынас) қойып, төртінші кезеңде ұлттық нақыштағы киім үлгісі көпшілікке көрсетті. Әжелер сайысына  15 ауылдық округтен жасы 61-80 жас аралығындағы ақжаулықты аналар қатысып, бақтарын сынады.  width= Қордай ауданының әкімдігі