
Жолдау медицина саласының жұмысын жүйелейді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы "Дені сау ұлт - әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медициналық көмек" ұлттық жобасы және "Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету" қағидаларын іске асыру бойынша Жамбыл облысында бірқатар игі іс-шаралар жасалуда.
Соның бірі, Қордай ауданында аудандық орталық ауруханасының автотұрағы тағы бір судай жаңа реанимобиль автокөлігімен толықты. Жаңа көлікті салтанатты түрде тапсыру шарасына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, денсаулық сақшыларына деген ізгі тілегін, құттықтауын жеткізді.
Бұл санитариялық көлік заманауи портативті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл шара Облыстық орталықтан 330 шақырым қашықтықта орналасқан Қордай ауданының тұрғындарына, халықтың орташа өмір жасын ұзартуға, аурулар мен өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуде және алыс ауылдардың тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмекке деген қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.
Қордай ауданының әкімдігі



Келесі мақала
Қордай ауданы, Ноғайбай ауылында тындырымды тірлік көп
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024