Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Ноғайбай ауылында атқарылған жарқын істер жалғасын табады

Ноғайбай ауылында атқарылған жарқын істер жалғасын табады
ашық дереккөз
Ноғайбай ауылында атқарылған жарқын істер жалғасын табады

2023 жылы бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатқан Ноғайбай ауылының тұрғыны Т.Байбутаровтар әулетіне 4 бөлмелі үйге күрделі жөндеу жұмысы жасалынып, пайдалануға берілді.  width= Сонымен қатар көп балалы (К.Конарбаева, Б.Дуйсебаева) екі отбасы қайырымдылық қорлардың көмегімен  баспаналы болды. Екі отбасына да ауылдан 8,0 млн теңге көлемінде үй сатып алынып берілді. Бұл туралы аталған округ әкімі Ер-Серік Аманбекұлы Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген брифингінде айтты.  width= - «Жомарт  түлек» жобасы аясында Ноғайбай ауылының жастары және ауылдан шыққан  жомарт түлектер Ноғайбай ауылы «Дүйсенбі-халфи» мешітіне 800,0 мың теңгеге  жылы еден жасады. Сарыбастау ауылында 500 мың теңгеге жоспарланған кішігірім бассейн қолдануға берілді, - деп тоқталды ауыл әкімі.  width= Сондай-ақ, округте мемлекеттік және ұлттық мерекелер қарсаңында ауыл тұрғындарының қатысуымен мәдени-спорттық шаралар өткізумен қатар, түрлі санаттағы тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету дәстүрге айналған.  Жалпы округте жыл басынан бүгінгі күнге дейін демеушілер тарапынан 313 адамға 4 966,3 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал, аймақтың қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жұмыстарына тоқталған ауыл әкімі, округте 2023 жылы 5 қылмыс тіркелгенін (ұрлық), ал өткен жылы 9 қылмыс тіркелгенін, осылайша қылмыстың 55 пайызға айзайғанын жеткізді.

Есен ӨТЕУЛІ

Қордай ауданы

Ұқсас жаңалықтар