
Аудан экономикасын өрге сүйрейтін салалардың бірі - өнеркәсіп. Жұмысы жақсы жолға қойылған, табысы мол, өзі орналасқан ауданға инвестиция тарта алатын өндіріс ошақтары бюджет бүйірін толтыра алатын қабілетке ие. Солардың бірі «Азия Голд Продакшн» ЖШС болатын. Алтын өндірумен айналысатын серіктестік жұмысы біраз жылдан бері тоқтап тұрған еді. Енді міне, қайтадан алып машиналарға жан бітпек. Аудан әкімі Бегзат Болатбеков жұмыс сапарымен аталмыш серіктестік қазба жұмыстарын жүргізген аумаққа барды. Жоғарыда атап өткеніміздей «Азия Голд Продакшн» ЖШС өндіріс технологиясы дұрыс болмауына байланысты өнім көлемін төмендетіп алған болатын. Қазір жаңа инвесторлар келіп кен орны жұмысын жандандырмақ ниетте. Алғашқы жұмыстар басталып та кеткен. Сапар барысында аудан әкімі Бегзат Болатбеков жауапты мамандармен сөйлесіп, өндіріс орнының негізгі бағыты, кен орнын қазудан бастап, оны өңдеу, жөнелту және тағы да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын алды. Аталған өндіріс ошақтағы шаруаларын ширатып, өнім көлемін арттырып жатса көрсеткіштіштің еселене түсетіндігі сөзсіз. Өйткені, «Азия Голд Продакшн» ЖШС-гі 2012 жылдан бастау алған алғашқы жылдары 3 жылда 300 кг алтын-күміс өндірген болатын. Ендігі кезекте сол межеден асып түсу жоспарда бар көрінеді. Ең бастысы жұмысты жүйелі жолға қою қажет. Осыны серіктестік өкілдерімен сөйлесу барысында ескерткен аудан әкім, жұмысқа сәттілік тіледі.
Осыдан соң Бегзат Сейсенқұлұлы Қарасу ауылдық округі маңайында бой көтерген «KorCem» зауытының жұмысымен танысты. Қуаттылығы жылына 1,3 млн. тонна цемент шығаратын зауыт жобасы ауқымды. Жоба құны – 50 млрд. теңге. Ағымдағы жылы көктем айларында айында іргесі қаланған зауыт 2025 жылы желтоқсанда толықтай іске іске қосылады деп күтілуде. Әзірге, зауыттың цехтары ағымдағы жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды. Аудан басшысы салынып жатқан зауыт цехтарын аралап көріп, жауапты мамандармен сөйлесті.
«KorCem» зауыты құрылыс жұмыстарына барлығы 1900-ге дейін адам тартылса, жоба іске қосылғаннан кейін 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Аудан басшысы жаңа жұмыс орындарына негізінен аудан азаматтарын тарту туралы ұсынысын айтты. Алып зауыт жұмысын толығымен бастаған кезде өніммен Жамбыл, Алматы облыстарының ішкі нарығын және Қырғызстан мен еліміздің басқа да өңірлерін қамту көзделіп отыр.
Қордай ауданының әкімдігі
Жамбыл облысында натрий цианиді шығаратын зауыт салынады
Ұқсас жаңалықтар
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024