Қоғам

Жаңатаста 56 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңатаста 56 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында Жаңатас қаласындағы 1 шағын аудан, №60 үйдің кілтін тұрғындарға табыстау рәсіміне қатысты. Қайта жаңғыртудан өткен тұрғын үйде 2 бөлмелі 44 пәтер, 3 бөлмелі 8 пәтер, 4 бөлмелі 4 пәтер бар. Облыс әкім қоныс той иелерін қуанышмен құттықтап, облыс көлеміндегі баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бүгінде аудан орталығындағы пәтер кезегінде 1638 адам тұрғанын тілге тиек етіп, қала тұрғындарын баспанамен қамту бойынша аудан әкіміне нақты міндеттер жүктелгенін жеткізді. Биылдың өзінде Жаңатас қаласында жаңғыртудан өткен 160 пәтерлі үш үй сатып алынып, пайдалануға берілмек. Бұдан соң пәтер кілттері табысталып, қонақтар үйлерді аралап көрді. Жамбыл облысының әкімдігі