Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Бурыл – Тараз бағытында қатынайтын қоғамдық көлік жүре ме?

Бурыл – Тараз бағытында қатынайтын қоғамдық көлік жүре ме?
ашық дереккөз
Бурыл – Тараз бағытында қатынайтын қоғамдық көлік жүре ме?
Билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу мақсатында Байзақ ауданындағы Бурыл ауылдық округінің Бурыл орта мектебінде жалғасқан көшпелі қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың қарасы қалың болды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы  - бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Бурылдық тұрғын Елена Балакан балаларының студент екенін алға тартып, интернет желісінің жоқтығына шағымданып, Бурыл – Тараз бағытында қатынайтын қоғамдық көлік жүргізуді сұранды. Бақыт Алпысбайұлы өтініш бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына зерделеу жұмыстарын тапсырды. Шаруа қожалығын жүргізуге жер сұраған зейнеткер Кирман Саримамедовқа, жер мәселесін көтерген ауыл тұрғыны Гүлжазира Карибаеваға, заңсыз жүргізілген құрылысқа байланысты шағымданған Наталья Шейрерге заң аясында түсініктер берілді. Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында аудан әкімінің салалық орынбасарлары Қайрат Исмаил, Болат Сағынбеков, аппарат басшысы Еркін Заурбеков, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық полиция бөлімі мен электр желілерін тарату мекемесінің өкілдері тұрғындарды жеке – жеке қабылдап, өтініштерін тыңдап, нақты жауаптар қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар