
Ауыл жастары игі іске белсене атсалысуда
Бүгінгі таңда өңір-өңірлерде азаматтарымыздың туған жерге көмек көрсету үрдісі қанатын кеңге жайып келеді. Мұндай игі істер «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында мықтап қолға алынуда. Осылайша, 10-20 жыл бұрын мектеп бітірген жастардың туған ауылы мен ұшқан ұясына материалдық тұрғыда көмек қолын созуы көңілімізге қуаныш ұялатуда. 

Дәл осындай ел сүйсінер игі істер Талас ауданына қарасты Ойық ауылдық округінде қолға алынып, оған жергілікті жастар да өз үлестерін қосуда. Округ әкімі Қайрат Ошақбаевтың айтуынша, шынайы патриоттық сезімі бар ауыл жастары туған өлкесін көркейтуге күш салып, қалталы азаматтар септігін тигізіп келеді.

- Кіндік қаны тамған туған жерін көркейту әр ісіне барша тұрғындар жауапты. Ал, елін алға сүйреймін деген ниеті бар азаматтар туған ауылына жиі атбасын бұрып тұрғаны жөн. Себебі, әрбір азамат өз өлкесіне қалтқысыз қызмет етсе ғана, еліміздің тұғыры биік, еңсесі тік болары сөзсіз.
Округімізде «Жасыл белбеу» жобасы аясында бірталай тірлік тындырылды. Мәселен, қолы ашық ауыл азаматтарының қаржылай көмегімен 1 мың түп қара ағаш көшеттері отырғызылып, тамшылатып суғару жүйесі іске қосылды. Оның құны – 550 мың теңге.

Бұдан бөлек, «Туған жерге туыңды тік» жобасы шеңберінде 1993, 2003 және 2013 жылы мектеп бітірген түлектердің қаржылай көмегімен «Жеңіс» саябағының ішіне 60 түп арша ағаштары отырғызылды.

Ал, 1973 жылғы мектеп бітірген түлектердің қаржылай қолдауымен дәл осы саябақтың ішіне демалуға арналған арнайы орын салынды.



Есен ӨТЕУЛІ
Талас ауданы
Келесі мақала
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Бойжеткенді зорлап, балконнан лақтырып жіберген күдіктіге сот үкімі шықты
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024