Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Көшпелі қабылдауда көше жарығы мәселесін қаузады

Көшпелі қабылдауда көше жарығы мәселесін қаузады
ашық дереккөз
Көшпелі қабылдауда көше жарығы мәселесін қаузады
Бұған дейін Байзақ ауданындағы Үлгілі, Жаңатұрмыс, Суханбаев, Темірбек ауылдық округтерінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдау өткен аптаның жұмасында Көптерек ауылында жалғасты. Бұл кездесуде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары жергілікті тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Мәселен, Көптерек ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермахамбетов  тұтынып отырған ауыз судың таза еместігін алға тартты. Жылдан жылға халық санының өсіп келе жатқандығына екпін сала отырып, мәдениет үйінің салынуына көмек беруін сұранды. Осы ауылдағы саябаққа бөлінген қаражатқа қосымша қаражат қаралса деген тілегін де жасырмады. Ауыл тұрғыны Әлия Шымырбекова үйіне газ кіргізіп беруін өтінсе, зейнеткер Бөлебай Танаев көше жарығын жүргізу, спорт кешенін соғудың маңыздылығын тілге тиек етіп, ауылға дәріхананың аса қажет екендігін жеткізді. Жексенбай Парманқұлов ағын су тапшылығын қозғап, электрик мамандарының жоқтығына алаңдаушылық білдірді.Жұмакүл Алимбекова шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал етуін өтінді. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов кейбір мәселелерді сол жерде шешіп, тиісті азаматтарға нақты тапсырма берді. Қоғамдық қабылдау барысында  медициналық бетперде кию, арақашықтық  сақтау  сынды  барлық санитарлық талаптар сақталды.

Ұқсас жаңалықтар