Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөз
Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті, онда қатысушылар экология және табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік ететін салаларды дамытудағы сұрақтарға толық жауап алды. Бұл туралы Министрліктің ресми сайтында жарияланды.  Министр атап өткендей, Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, өтініштерді талдау Жамбыл облысында халықты толғандыратын бірқатар жүйелі экологиялық проблемалар бар екенін көрсетті. 9 айдағы шығарындылар көлемі 44,805 мың тоннаны құрады.  Жамбыл облысының 2020-2024 жылдарға арналған эко проблемаларын шешу бойынша Жол картасында 15 іс-шара көзделген. Оның ішінде 10 орындалды. Тамыз айында жол картасы жаңартылып, қосымша 10 іс-шарамен толықтырылды, олар қазіргі уақытта ведомствоның орындауында. Дулати университетінің Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейітжан Орынбаев «Фосфогипс қалдықтарынан жоғары маркалы гипс және цемент өндірісінің жаңа технологиясы», «Тыңайтқыштарды өндірудің жаңа технологиясы» жобалары туралы айтып берді. Бүгінгі таңда өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу өзекті мәселе. Осыған орай, Министр Сейтжан Әуесжанұлының ұсынған жобасын жүзеге асыру жайы қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, Министр азаматтарды жеке қабылдауын өткізіп, оның барысында қоршаған ортадағы ластаушы заттардың мониторингі, өнеркәсіптік қалдықтар, қолданыстағы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу, орманды заңсыз кесу үшін жауапкершілікті күшейту және т. б. мәселелер көтерілді. Кездесу соңында өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізілді.  

Ұқсас жаңалықтар