
Үкімет Жаңатас қаласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдады
Қазақстан Үкіметі Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған кешенді жоспарын бекітті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланды. Жаңатас «Қазфосфат» ЖШС («Қаратау» КБК) және «Еврохим» ЖШС қала құраушы кәсіпорындары бар шағын шалғайдағы моноқалалардың бірі болып табылады.
Қала қызметінің негізгі бағыты фосфорит өндіру болып табылады.
Кешенді жоспар өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және жалпы құны 652,3 млрд. теңге болатын (РБ – 3,9 млрд. теңге, ЖБ – 7,1 млрд. теңге және басқа да көздер – 641,3 млрд. теңге) 75 іс-шараны қамтиды.
Жоспарланған іс-шаралар бес негізгі блокқа бөлінген:
- Қалалық ортаны жоспарлау;
- Экономиканың нақты секторы;
- Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым;
- Экология.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024