Жамбыл облысының үздік мәдениет және өнер ұжымдары марапатталды
- NAQ.KZ
- 23 қараша, 2023
- 3.9k


- Мәдениет – халқымыздың бай мұрасы, ұлттық руханияттың негізі. Осы мәдениетімізді жаңғырту мақсатында «Мәдениет – асыл қазынам» атты мәдениет күндері барлық ауданда өткізілді. Көпшілікке өңір тарихы таныстырылып, дәстүрлі өнер насихатталды.
Сонымен бірге, «Өнер көзі – халықта» атты өнер ұжымдарының фестивалі, «Ең үздік» ауылдық мәдениет үйі мен әдістемелік кабинеттер іріктелді.
Жамбыл өңірі – Ықылас Дүкенұлы, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Аяз Бетбаев сынды ұлттық руханиятқа, мәдениетімізге мол мұра қалдырған тарихи тұлғалардың шығармаларын кеңінен дәріптеп келе жатқан тарихи өлке.
Ал, ескінің ізін жалғайтын ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру – қашанда өзекті. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында сөйлеген сөзінде «Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек», - деп атап болатын.
Осы ретте, келесі жылы облысымызда «Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы» ашылатыны туралы Сіздермен жақсы хабарды бөліскім келіп отыр.
Ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын, -деді аймақ басшысы.
Бұдан соң мәдениет күндерінің қорытындысымен қатар, «Халықтық» (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының деңгейін анықтау, халық шығармашылығы жанрларын дамыту мақсатында өткен «Өнер көзі – халықта» облыстық фестивалінің «Үздік би ұжымы», «Үздік хор ұжымы», «Үздік ән-би ансамблі», «Үздік аспаптық, фольклорлық ансамблі» номинацияларының және «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023», «Ең үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.







Жамбыл облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024