Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды
- NAQ.KZ
- 24 қараша, 2023
- 1.4k



- Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Мемлекет басшысы саясатының маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Бұл билік пен қоғам арасындағы әріптестіктің бір түрі. Ең алдымен, мемлекеттің ашықтығын, тек өзекті мәселелерді талқылауға ғана емес, сонымен қатар қабылданып жатқан шешімдерге де қатысты – бүкіл ел үшін маңызды шешімдер жабық форматта емес, олардың қатысуымен қабылдануын білдіреді.
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі мен сапалы сот төрелігін атады.
Сот жүйесіндегі реформалар биліктің сот тармағын жетілдіру үшін түбегейлі жаңа әдістер мен жүйені енгізу керектігін де айтқан болатын. Сонымен қатар, судьялардың кәсібилігі тақырыбын көтеріп, елдегі сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесін де қозғады. Халықтың сот жүйесіне деген сенімі басты міндет.
Әрине, судьяларға ешқашан жеңіл болмаған және болашақта да оңай болмайтыны белгілі. Еліміздегі сот жүйесінің дамыған мемлекеттер сапына қосылуына үлес қосу – мәртебе әрі мақтаныш, - деген Ербол Қарашөкеев ұйымдастырушылар алғысын білдірді.
Өз кезегінде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров та тақырып аясында өзінің орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды.
- Әкімшілік әділеттің басты мақсаты бір жағынан азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді қамтамасыз ету, екінші жағынан – жоғары тұрған мемлекеттік органда немесе сотта жария – құқықтық дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін (механизімін) белгілеу болып табылады.
Мемлекет басшысы сот билігі биліктің өзге тармақтары сияқты қоғамдық келісімге, саяси тұрақтылыққа, экономикалық дамуға және басқа да негізгі конституциялық қағидаттарға жауапты екендігі айтқан болатын.
Әкімшілік Әділетті құру «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде билік өкілдерімен өзара қарым-қатынаста азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғау кепілдіктерін барынша толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың тәртібін арттыруға үлкен маңызға ие, - деді Е. Ахметжанов.


Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024