Тараз қаласында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді
Тараз қаласында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығу сабағы өткізілді

Жаттығу сабағына, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Ұлттық сараптама орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалы, Облыстық ветеринариялық зертханасы, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Көліктегі полиция департаменті, Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті қатысты. Оқу жаттығу сабақтары эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде нақты жағдайларға дайын болу үшін ұйымдар арасындағы өзара іс- қимылды пысықтауға мүмкіндік береді.
Жаттығу сабағының мақсаты: сібір жарасына күдікті науқас тіркелгенде дер кезінде оқшаулау және шұғыл әрекет ету, ошақты толық тергеп тексеру және оның ары қарай өршуіне жол бермеу.
Өткізілген оқу-жаттығу сабағының сапасы, тиімділігі, деңгейі талқыланып, барлық құзырлы мекемелер іс-әрекеттерін өз деңгейінде дұрыс орындады деп бағаланды.