
- Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі даусыз.
Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы нәтижесінде ауданның өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасып, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.
Ауданда 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 18,4 млрд. теңгені құрады.
Оның ішінде: мал шаруашылығында 12,3 млрд. теңгенің өнімдері және өсімдік шаруашылығында 6,1 млн.теңгенінің өнімдері өндірілді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,2 мың гектарға жетті.
Мал шаруашылығында мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде салада өндірілген ет өнімдері - 1,3%-ға, сүт өнімдері - 1,6%-ға ұлғайды.
Ауданда бүгінгі күні даму жоспары аясында 108,9 млн. теңгеге 12 кіші инвестициялық жобалар іске қосылып, тұрақты 22 жұмыс орны құрылды. Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына, қомақты үлес қосып келесiздер.
Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз қашан да үлкен құрметке лайық!, - деді аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы.




Талас ауданының әкімдігі
«Мағжан оқулары»
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024