
Таласта инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды
«AMANAT» партиясы Талас аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы фракцияның кеңейтілген отырысы өтті. Фракция отырысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбековтің «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Талас ауданы бойынша жол картада 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Өз сөзінде аудан басшысы партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Талас ауданы бойынша Жол картадағы көрсеткіштердің орындалуы тұрақты назарда екенін жеткізді.
Аудандық мәслихаттағы фракцияның кеңейтілген отырысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Жол картада белгіленген білім беру саласын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, экологиялық мәселелер мен әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарды атады. Өз кезегінде фракция мүшелері ауданда инвестициялық жобалар бойынша салынып жатқан өндіріс орындарының инфрақұрылымы, қатты қалдықтарға арналған контейнерлер қою сияқты мәселелерді алға тартып, бұл бойынша аудан әкімі тарапынан толыққанды жауап алды. Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.


«Бес бағыт бойынша 2023 жылға бекітілген 52 көрсеткіштің бүгінге күнге 31 орындалған болса, 19 орындалу үстінде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін толығымен аяқталады. Ал Жол картада көрсетілген 2 тармақтың орындалмау қаупі бар. Арал, Тұрымқұл ауылдары мен Қаратау қаласына кіреберіс аймақтағы жолдарды жөндеу жұмыстары қаражаттың уақытылы бөлінбеуі салдарынан осы жылдың соңына дейін аяқталмайды. Оған қаражаттың дер кезінде бөлінбеуі себеп. Сонымен қатар Қаратау қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралардың да жыл соңына дейін орындалмау қаупі бар», - деген Нұрбол Әбдімәжитұлы Сайлауалды бағдарламаның бес бағыты бойынша орындалған индикаторларға кеңінен тоқталды.

Келесі мақала
Таласта жаңа құрылыс нысандары көбеюде
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024