Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды
Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен бірқатар азаматтар «Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелік медальдерімен марапатталды. Сонымен қатар өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген аудан азаматтары «Халық алғысы» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы өкіміне сәйкес, 2 азамат «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Одан бөлек, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің шешімі бойынша «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы еңбек ардагері Тоқтыбаев Базылхан Жұртшыбайұлы мен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Маселбеков Докторбек Манатбекұлына берілді. Өз кезегінде, Базылхан Жұртшыбайұлы барша марапатталушылар атынан алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. «Бұл құрмет бізді жаңа белеске жетелеп, жігерлендірері сөзсіз. Мереке құтты болсын!», - деді ол.