Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қаратау қаласына - 60 жыл

Қаратау қаласына - 60 жыл
ашық дереккөз
Қаратау қаласына - 60 жыл
Биыл, 95 жылдық тарихы бар Талас ауданының орталығы Қаратау қаласының – 60 жылдығы аталып өтті. Қаратау қаласында соңғы жылдары бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 28 494 тұрғыны бар Қаратау қаласында газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр. Ал ауыз сумен қамту көрсеткіші келесі жылы 100% жететін болады деп күтілуде. 19 көпқабатты және 79 шағын қабатты тұрғын үйлердің аулаларына металл бағаналар орнатылып, диотты жарық шамдармен жарықтандырылды. Жалпы, Қаратау қаласы бойынша шағын футбол алаңшалары 100 пайыз жаңартылды. Сонымен қатар, 8 шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары салынды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр жүйесінде қоршаусыз тұрған 23 дана темір қалқанды трансформаторларды қоршау жұмыстары жүргізілді. Қала ішіндегі тозығы жеткен барлығы 17,884 шақырымды құрайтын 12 көше және қалаға оңтүстік (4,1 шқ.) және шығыс (6,14 шқ.) кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 17 көшеге жалпы ауданы 1 366 ш.м. қамтитын ойық жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жүріп тұруына қолайлы жағдай тудыру үшін С. Сейфуллин көшесі қиылысындағы Тамды өзенінде орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған ескі көпір қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көліктерге арналған 22 аялдама қайта жаңғыртылудан өтті. Қалада қоғамдық тәртіпті, қылмыстық іс-әрекеттерді алдын алу және жол көлігі қозғалысын бақылау мақсатында 30 бейне бақылау қамералары орнатылып іске қосылды. Шағын қалаларды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту бүгінгі таңда өзекті. Алдағы уақытта Қаратау қаласын дамытуда жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.
Қаратау қаласы

Ұқсас жаңалықтар