
«Биыл 10 ай ішінде 139 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 55 әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 23 жетім балалар, 52 көпбалалы отбасылар, 9 бюджеттік мекеме қызметкерлері. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 31 отбасы ағымдағы жылы 295 млн. теңгеге несие рәсімдеп, баспаналы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы әлеуметтік аз қамтылған топтардың жалға алған тұрғын үйі үшін төлем тағайындауға республикалық бюджеттен 2,458 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, оператор «Отбасы банк» АҚ есепшотына аударылды», - деді сала басшысының міндетін уақытша атқарушы.
Биылғы жылы баспана алуға 1073 өтініш келіп түскен, оның 282-сі мақұлданып, бүгінге 199 тұлғамен келісім-шарт жасалды. Қалған 38 өтініш білдіруші өз еркімен бас тартқан, 545 өтініш мақұлданбаған, 208 өтініш қарастырылу үстінде. Тұрғын үй қатынастары саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда елді мекенге бірыңғай келбет беру үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жергілікті бюджет есебінен қайтарымсыз қаражат бөлуге мүмкіндік берілді. Бұл бағытта ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 үйдің шатыры мен қасбеті жөндеуден өтті. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 22,9 млн. теңгеге Шу қаласындағы ұзындығы 1,8 шақырым құрайтын 5 көшенің лоток жүйесі ауыстырылды.«Жалпы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан міндеттелген жұмыстар тиісті деңгейде атқарылып келеді. Салаға қатысты барлық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда»,- деп түйіндеді Дамир Сейсенбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024