Жаңалықтар
Мәдениет қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапаттады
- NAQ.KZ
- 14 желтоқсан, 2021
- 111

Мәдениет қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапаттады
Бүгін Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары А.Мадиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, аудан әкімі Қ.Мәдібек, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Садубаев, мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдарының өкілдері мен түрлі салада еңбек етіп, Талас өңірінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты. Салтанатты шараны аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлы құттықтау сөзімен ашып берді. «Еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз. Қазақстан – шекарасы нақтыланған, Әнұраны көкте қалқып, Көк Туы желбіреген, Елтаңбасы қалыптасқан, Тілі, Төл Теңгесі, Әскери Күші бар іргелі мемлекетке айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен экономикамызды қалыптастыруға барынша күш салудамыз. Осы ретте Талас ауданы да республикамыздың іргелі дамуына өз үлесін қосуда», – деді аудан әкімі Қанатбек Мәдібек.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Алмас Мадиев, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және аудандық мәслихат хатшысы Қадірбек Садубаев бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында мәдениет және ғылым қайраткерлері, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес салаларының өкілдері бар.
Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Келесі мақала
Талас ауданында желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024