Жаңалықтар
Талас ауданы Ойық ауылының тұрғыны «Асарлатып үй салу» жобасы шарапатын көрді
- NAQ.KZ
- 30 қараша, 2023
- 1.2k

Талас ауданы Ойық ауылының тұрғыны «Асарлатып үй салу» жобасы шарапатын көрді
Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда. Бұл жолы Талас ауданы, Ойық ауылының Жолдыбаевтар отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
Аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иесін арнайы құттықтап, барша ат салысқан азаматтарға ризашылығын жеткізіп, алғыс білдірді.
Жалпы "Асарлатып үй салу" жобасы аясында аудан бойынша былтыр 9 үй салынса, биыл да 9 баспана тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 6 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Талас ауданының әкімдігі

«Асар – ауыз біршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан ігілікті іс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Міне бүгінде бірлікпен жасалған еңбек еленіп, Ойық ауылының тұрғының баспанасы жөндеуден өтіп, кілті табысталуда. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағымен ырысын арттыратынын тағы бір көрсетуде», - деді аудан басшысы.

Талас ауданының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024