Тіл шеберлері сайысқа түсті
Тіл шеберлері сайысқа түсті
Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мемлекеттік қызметшілер арасында "Тіл шебері" аудандық байқау өткізілді.
Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде бас жүлдені Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы А.Абдикеримов иеленді. Ал бірінші орынды Талас ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Б.Рысбек еншіледі. Екінші және үшінші орындарды Берікқара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д. Сыбанбаев пен Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы У.Ергешова өзара бөліске салды.