Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Үздік кітапханашылардың еңбектері еленді

Үздік кітапханашылардың еңбектері еленді
ашық дереккөз
Үздік кітапханашылардың еңбектері еленді
"Үздік ауылдық кітапхана - 2021" облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Үздік ауылдық кітапхана - 2021» байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес, өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары мен атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалады. Нәтижесінде кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосқан, еліміздің мәдени өмірінде өз бастамалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастырудағы ауқымды жұмыстары үшін Талас ауданындағы Майтөбе ауылдық кітапханасы екінші орынға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар