«Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы сыр тарқатты
«Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы сыр тарқатты
Кеш барысында әнші, сазгер Әбиірбек Берденұлы бүгінгі күнге Желтоқсаншылардың гимніне айналған «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихы туралы шер тарқатты. Одан бөлек, ерекше дарын иесі алдағы шығармашылық жұмысы туралы сөз қозғады. Ұйымдастырылған кеште мәдениет саласының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев өзінің шығармашылығындағы қос әуенін көпшілікке орындап берді. Аталған кешке қатысқан аудан басшысы Қанатбек Мәдібек Талас жерінен шыққан сазгер, әнші Әбиірбек Берденұлы мен Бақыт Шағырбаевқа Талас жұрты атынан алғысын білдіріп, сый сияпатын табыс етті. Атағы алты алашқа жайылған Әбиірбек Берденұлы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, көңілден кетпестей кеш ұйымдастырған Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекке және барша Таластық жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.