Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндады
- NAQ.KZ
- 5 желтоқсан, 2023
- 2.4k




- Ағымдағы жылдың 10 айында шамамен 365 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфелі жалпы көлемі 2,3 триллион теңгені құрайтын 69 жобаны қамтиды десек, оларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы 87 миллиард теңгеге 20 жоба іске асуда, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі инвестиция тартудағы қолға алынған шаралар мен жаңа тәсілдерді де баяндады.
- Біз кездесетін кедергілердің алдын алуға, инвестициялар тарту бойынша жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ниеттіміз. Бұл ретте бизнес-үдерістер қайта құруды қолға алып, «бір терезе» қағидатын іске қостық. Аудан әкімдері үшін жаңа KPI жүйесі енгізілді, бұл олардың жұмысының тиімділігін инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ірі жобалардың іргесінде кластерлерді қалыптастыруға баса назар аударылуда, сол арқылы біз жергілікті шағын және орта бизнестің қатысуымен қосалқы өндірістерді дамытуға жағдай жасайтын боламыз. Нақтырақ айтқанда, бой көтеріп жатқан зауыттардың маңында шағын және орта өндірістер құруды жоспарлап отырмыз, - деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024