
Таутұлғаның мерейтойын тойлады
ҚазССР-ның еңбек сіңірген мал шаруашылығы шебері, Социалистік Еңбек Ері, Әбдір Сағынтаевтың туғанына биыл 100 жыл толды. Айтулы датаға орай, Талас ауданы Үшарал ауылында танымал тұлғаның жарқын бейнесін еске алу шаралары өтті. Социалистік еңбек ерінің 100 жылдығына арналған мерейтой 2 күнге созылды. Шараның алғашқы күнінде шағын футбол мен волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Шағын футболдан турнирге облыстың аудандары мен Тараз қаласынан 28 команда, волейболдан 13 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Шараның екінші күні ауылдық мәдениет үйінде еңбектің адал адамы атанған Әбдір Сағынтаевты еске алу кеші өтті. Аталған іс-шара Әбдір Сағынтаевтың өмірі жайында қысқаша театрландырылған көріністен бастау алып, Ғ.Мәтебаевтың орындауындағы «Әбдір аға» әнінің бейнеклипімен жалғасты.
Талас топырағы Үшарал ауылында дүниеге келген дарыны тасқын, Әбдір Сағынтаевтың барша мағыналы өмірі мен еңбегі туған халқының тағдырымен біте қайнасып жатқанын алдымен еске алған жөн. Оның туған жері үшін атқарған еңбегі, рухани көш керуені бақытты болашаққа қарай шеру тартып бара жатқандай. Сондықтан да оның алмастай жарқыраған алуан қырлары арқылы атқарған еңбегі өзі өмір сүрген заманның тозбас шежіресіндей болып, әлі талай ұрпаққа ден қойғызары анық.
Еске алу кешінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және ауданның құрметті азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеште алғаш сөз алған Бердібек Машбекұлы мал шаруашылығының қыр сырын меңгерген Әбдір Сағынтаев туралы өз ойын ортаға салып, сыр шертті. Бердібек Машбекұлы осындай аты аңызға айналған жерлесін ардақтап, ауылы оның 100 жылдық мерейтойын дүркіретіп өткізіп жатқанына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде Батырбек Құлекеев пен Қаржаубай Әбдірұлы да Әбекеңнің өмір жолына шолу жасап, өнегелі істерінен мағлұмат етті.
Одан кейін шағын футбол мен волейболдан өткен облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Шағын футболдан турнир жеңімпазы Байзақ ауданының командасына 300 000 теңгенің сертификаты мен кубок табысталды. Екінші орын, кубок және 200 000 теңге Тараз қаласының «Қазфосфат» командасына бұйырды. Үшінші орын, кубок және 100 000 теңге Бостандық ауылдық округі командасына тапсырылды. Сонымен қатар, төртінші орын алған Жамбыл ауданының командасына 50 000 теңге табыс етілді.
Волейболдан турнирдің жеңімпазы, кубок және 300 000 теңгенің иегерлері Тараз қаласының құрама командасы атанды. Екініші орын, кубок және 200 000 теңге Үшарал ауылдық округіне табысталса, үшінші орын, кубок және 100 000 теңге Қызыләуіт ауылдық округ командасына тапсырылды. Одан бөлек, төртінші орын алған Үшарал ауылының командасына 50 000 теңгенің сертификаты бұйырды.
Жиын аяқталған соң, мал шаруашылығының шебері Әбдір Сағынтаевтың рухына дұға бағышталып, ас берілді. Сондай-ақ, жиналған қауымға аудан өнерпаздарының концерті ұсынылды.
Түс ауа ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ат шаптырылды.
Келесі мақала
Таластық қариялар Таразды аралады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024