Жаңалықтар
"Талас жайында танымдық ақпар" айдары: Ақкөлде бар тас дәуірінің тұрағы
- NAQ.KZ
- 3 қараша, 2021
- 97

"Талас жайында танымдық ақпар" айдары: Ақкөлде бар тас дәуірінің тұрағы
Ақкөл ауылдық округі Жер көлемі: 74 009 гектар.
Ақкөл ауылы – Талас ауданындағы ауылдық округ әкімшілігі.
Аудан орталығы – Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1934 жылы егіндік жерді суғару үшін канал салуға байланысты қаланған. Сол жылы Талас ауданы орталығы Ойық ауылынан Ақкөл ауылына көшіріліп, 1960 жылға дейін және 1963 жылдан 1997 жылдың мамыр айына дейін аудан орталығы болды. Ақкөл туралы қызықты деректер: Ақкөл (гидроним) – аудан аумағынын орталық бөлігінде орналасқан көл. Ақкөл ауылына оңтүстік-батысқа қарай 3 шақырым жерде. Теңіз деңгейінен 385 метр биіктікте жатыр. Сыйымдылығы 218 млн. текше метр, көлдің аумағы 50 км2, орташа тереңдігі 5 метрге дейін жетеді. Суы тұщы, егін, жайылымдық суғаруға болады. Көлде сазан, табан және т.б. балық түрлері өседі.
Төрткүл 1 бекініс қалашығы – орта ғасырлық ескерткіш (XIII ғ.) Ақкөл ауылдық округі аумағында орналасқан, ауылдың терістік шығысында 1 шақырым жерде орналасқан.
Бүгінде үйінді төбе болып жеткен бекініс төрт бұрышты (103*90 м) алаңды алып жатыр. Бекіністің сыртқы қорғандары бойынша мұнара орындары сақталмаған. Қорған қабырғасының қалыңдығы 5 метр, биіктігі 3 метр, айналасы 8 метр ормен орланған. Ордың тереңдігі 1 метр. Шахантай (антропоним) – тас дәуірінің тұрағы. Ақкөл көлінен 2-2,5 км. оңтүстік-батыста. Оны 1994 жылы және 1997-1998 жылдары Қазақстан – Ресей біріккен археология экспедицицясы зерттеген. Материалдар көлемі 300*50м алаңынан 2538 данасы жинастырылған. Олар тастан жасалған құралдар, жоңғыштар, өзектастар, әр түрлі геометриялық бұйымдар. Шахантайдағы тастардың коллекциялары ерте голоцен дәуіріне жатады. Қызылкемер (хороним) – шель-ашель дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш. Ол жерлер Қаратау қаласынан шығысқа қарай 20-25 км жерде орналасқан. Ол жерден тас бұйымдар табылған. Бұйымдар жергілікті карбонды ярусты қара крем тектес жыныстардан, қарасұр, сұр құмтастардан жасалған.
Бүгінгі күнге Ақкөл ауылында 411 аула, 2287 халық тұрады. Ауылда 2 мектеп, 1 бала бақша бар.


Келесі мақала
Таластық жігіт екінші орынды еншіледі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024