Жаңалықтар

Таластық жігіт екінші орынды еншіледі

Таластық жігіт екінші орынды еншіледі

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыру барысында ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды жаңғырту мақсатында облыстық "Жігіт сұлтаны" байқауы өткізілді. "Әулие ата жастары" өңірлік бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген байқауға облыстың барлық аудандарындағы іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған 16-29 жас аралығындағы жастар өзара бақ сынасты.

Облыстық байқау 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар таныстыру, өнер, сұрақ-жауап, гір тасын көтеру және ат әбзелдерін көрсету кезеңдері бойынша сынға түсті. Әділқазылар алқасы қатысушыларды спорттық ойындарға ептілік, актерлік шеберлік, сахна мәдениеті сынды критерийлер бойынша бағалады. Нәтижесінде "Жігіт сұлтаны" байқауының күміс жүлдесі таластық жерлесіміз Қайрат Әмірбековтің қанжығасына байлады. Байқау қатысушыларына диплом, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.