Жаңалықтар

Таластың арулары бәсекеге түсті

Таластың арулары бәсекеге түсті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талас ауданында «Мен қазақтың қызымын» аудандық "Қыз сыны" байқауы өтті.

Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет. Осы мақсатқа сәйкес, Балалар өнер мектебінде Талас ауданының арулары арасында «Мен қазақтың қызымын» атты байқауы өткізілді. Аталған байқауға қатысуға 11 ару ниет білдірді: Төлеубекқызы Динара - Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің білімгері; Жазубай Гүлбаршын Нұрланқызы - Аққұм ауылы, Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінің оқушысы; Мұхамедқали Аяулым Қанатқызы - Қызыләуіт ауылы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің оқушысы; Тұрар Бота Ерланқызы - Балалар өнер мектебінің қызметкері; Дүйсенбек Нұрдина Дулатқызы - Қойгелді атындағы орта мектебінің оқушысы; Байханқызы Аяулым - Жаңатұрмыс негізгі мектебінің оқушысы; Әуесхан Меруерт Жақыпқызы - С.Шәкіров ауылы; Бердібек Жарқынай Нұрболатқызы - Б.Әлменұлы орта мектебінің оқушысы; Еркінбекқызы Аяла - Б.Әлменұлы орта мектебінің оқушысы; Джумабекова Жарқынай Сапаровна - №1 мектеп лицейі; Иманалиева Гульнур Каныбековна - М.Әуезов атындағы орта мектебі Арулар  «Сымбаты мен сыры жарасқан», «Қыз өссе, елдің көркі», «Салт-дәстүрді  білесіз бе?», «Анадан тәлім алған қыз» аталымдары негізінде сынға түсті. Таласқа толы байқауда ару қыздар өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Сайыс соңында жеңімпаздарды әділқазылар құрамы – Талас ауданы әкімдігінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Асемов Жұмабек, І.Жансүгіров атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Жұмабекова Шынаркүл Шеңгелбайқызы, «Жұлдыз» аула клубының директоры Бескемпирова Айгүл Шаймерденовна, қоғам белсендісі, жеке кәсіпкер Қайыпова Қалдыкүл, «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Қуанышбаев Серік Бақдаулетұлы анықтады. Қазылар алқасының анықтауы бойынша, ерекше қырынан танылған арулар ретінде жеңімпаздар белгілі болып, марапаттауға ие болды. Байқауда бас жүлдені Мұхамедқали Аяулым Қанатқызы иеленсе, бірінші орынды Тұрар Бота Ерланқызы, екінші орынды Джумабекова Жарқынай Сапаровна еншіледі. Үшінші орын Төлеубекқызы Динараға бұйырды.