
Талас жұрты Нарша ақынды еске алды
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық кітапхана» облыстық байқауы Талас орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Майтөбе ауылдық кітапханасында өтті. Онда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Елінің ерке ақыны» ақынды еске алу кеші ұйымдастырылды. Ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен кешке облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова мен оның орынбасары Жеңсікбаева Мақтақыз қонақ болды.
Іс-шара барысында ақын шығармашылығы жайында түсірілген "Айна" бағдарламасынан теледидардан үзінділер көрсетіліп, кітапхана жанынан құрылған «Қызғалдақ» қызығушылық клуб мүшелері Нарша ақынның өлеңдерінен топтастырылған әдеби монтаж ұйымдастырды.
Нар ақынымыз Нарша Қашағанұлымен көзі тірісінде сырлас болған, көзін көрген, ақынмен қызметтес болған Мақтақыз Зиятбекқызы ортаға шығып кеш қонақтарымен ақын жайлы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар Майтөбе ауылдық клубының әншісі Ерген Әзімханның орындауында ақынның сөзіне жазылған «Туған жер», «Хат жазып тұр», «Рахмет саған, туғал ел!» әндері шырқалды. Кітапханашы Сағындықова Жанаттың «Тұрағын туған жерден тапқан ақын» кітап көрмесін таныстырды.
Іс-шараны қорытындылау үшін кітапхана директоры Жұмабекова Шынар Шеңгелбайқызына сөз беріліп, кеш қонақтарына ақынның «Елде тұрам» өлеңдер жинағы табыс етіліп, іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға марапаттар ұсынылды.
Келесі мақала
Талас ауданының Тараздағы күндері – тамашаға толы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024