Таластық оқушылар Тараздың тарихымен танысты
Таластық оқушылар Тараздың тарихымен танысты
Аудандағы туризмді дамытуға бағытталған іс-шара жоспарына сәйкес қолға алынған саяхат аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен «Жұлдыз» аула клубының ұйытқы болуымен жүзеге асты. Тарихи орындарды тамашалау барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қатысты мекеме тарапынан арнайы бұйрық шығарылып, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Р.Қоныс, «Жұлдыз» аула клубының әдіскері Т.Қожабекова және жетекші А.Үсенқұлова, нұсқаушы Ф.Атеева жетекшілік жасады. Жалпы, балалардың барып келу шығыны, түскі асы, мұражайларға кіру билеті аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар Тараз қаласының тарихына қанығып, «Көне Тараз» археологиялық саябағы, сондай-ақ, жаңадан бой көтерген «Шахристан» этно-мәдени орталығына, Тектұрмас, Айша бибі, Бабажы-қатын кесенелерінде болды. Жеткіншектер экскурсиядан елдің тарихымен танысып, киелі орындарды өз көздерімен көріп, ерекше әсерге бөленгенін айта кетуіміз керек. Жалпы, шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы болатын.