Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер бақ сынасты
Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер бақ сынасты
Шара «Таныстыру», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес», «Күш атасын танымас», «Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар» сынды кезеңдерді қамтыды. Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ауданның Құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрсұлтан Манатбеков мерекелік лебіздерін білдіріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара қорытындысы бойынша Берікқара ауылдық округінен келген Қ.Әмірбеков бірінші орынды иеленсе, Қаратау қаласынан қатысқан Д.Сұлтанқұл мен қызыләуіттік Е.Бекетаев екінші орынға лайық деп танылды. Ал, үшаралдық Д.Таңат пен Кеңес ауылдық округінің намысын қорғаған З.Тұрым үздік үштікті түйіндеді. Барлық қарсыласынан басым түсіп, байқаудың бас жүлдесін иеленген қызыләуіттік Әділет Шохалақовқа облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының жолдамасы бұйырды.