
Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын
Тараз қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған науқастарды емдейтін алғашқы жабық манеж соғылуда. Иппотерпия орталығы мемлекеттік қаржыдан емес, жеке инвесторлардың көмегімен көтеріліп жатыр. Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев орталықтың құрылыс барысымен танысты. Жоспарға сәйке жоба биыл толық тәмамдалады. Шаһарда «Оқушылар сарайының» құрылысы 85 пайызға аяқталды. Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы наурыз айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Дәл қазіргі кезеңде орталықтың ауласын абаттандыру және соңғы пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Кейін шаһар басшысы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясына барды. Республика бойынша ең алдыңғы қатарлы мектепте 2000-ға жуық оқушы білім алуда.
Қазіргі таңда ғимарат жөндеу жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Осыны ескерген қала әкімі жауапты бөлім басшыларына күрделі жөндеу жұмыстары бойынша құжаттарды пысықтауды және білім ордасына барар жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырды.
Келесі мақала
Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024