Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды. Оның қашан, қалай ұсталғанын полициядағылар ашып айтпай отыр. Белгілісі, жігіт қалалық полиция бөлімінің қызметкері екен.
Оған қатысты қылмыстық кодекстің "есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату" және "қызметтік жалғандық жасау" баптары бойынша іс қозғалған. Оның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/