"Сұмдық". Қарағанды облысында 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр
"Сұмдық". Қарағанды облысында 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жақында ғана 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жергілікті тұрғындар облыстық тасжолдың жөнделуін 30 жылға жуық күткен. Бір жарым жыл бұрын 30 шақырым учаскеде орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ бүгінде бұл жолда әр 50 метр сайын терең шұңқырлар пайда болған.
Аудандық билік мердігерді сотқа берген.
Мердігер жолды қайта өз есебінен жөндеуге мәжбүр болады. Еске салайық, облыстық тасжолды қалпына келтіруге бюджеттен 800 миллионнан аса қаражат бөлінген болатын.