
Қырғызстанда қар жауды - БАҚ
Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр, жол тайғақ. Бұл туралы елдің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды kabar.kg сайты. Ведомство өкілдері автокөлік жүргізушілеріне Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Талас-Тараз-Суусамыр және басқа автожолдардың учаскелерінде қар жауып жатқанын ескертті.
Көлік және коммуникация министрлігінің арнайы қызметтері жол тайғақ болмауы үшін инертті материалдар себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Жағдайды ескере отырып, жасанды кептеліс туындамас үшін жүргізушілер асу учаскелеріне шығарда автокөлігіне қысқы резина кигізуі керек. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол белгілеріне сәйкес жылдамдық режимін сақтау қажет", - деді ведомство өкілдері.
Келесі мақала
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат иесіне жетті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024