Жаңалықтар

Қырғызстанда қар жауды - БАҚ

Қырғызстанда қар жауды - БАҚ

Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр, жол тайғақ. Бұл туралы елдің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды kabar.kg сайты.

Ведомство өкілдері автокөлік жүргізушілеріне Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Талас-Тараз-Суусамыр және басқа автожолдардың учаскелерінде қар жауып жатқанын ескертті. Көлік және коммуникация министрлігінің арнайы қызметтері жол тайғақ болмауы үшін  инертті материалдар себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.