https://turkystan.kz/article/218479-ontustik-koreyada-zansyz-zhumys-istegen-kazakstandyk-koz-zhumdy/

Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 50 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Ақпаратты ҚР СІМ растады деп хабарлады Press.kz. Қазақстандық Бахтиер Инятов әйелімен бірге Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Олар Кореяға 2015 жылы жұмыс істеуге келген. Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген.
Марқұмды білетін адамдардың айтуынша, ол ақылды әрі еңбекқор болған. Ер адамның неден көз жұмғаны белгісіз. Алайда әйелі оның кофені көп ішіп, жиі темекі шеккенін айтады. Ер адам денсаулығына шағымданбаған.
ҚР Сыртқы істер министрлігі қайтыс болған адамның Қазақстан азаматы екенін растады. Қазір марқұмды Отанына жеткізу үшін құжаттары рәсімделіп жатыр. Инятовтың туыстарымен елші байланыста. Ер адамның артында 3 баласы қалды.
Келесі мақала
«Дін мен дәстүр» республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024