
WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Олардың қатарында алғашқы 15 орынға іліккен қазақстандық былғары қолғап шеберлері бар.
Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 8-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақтағы Али Ахмедов төртінші орыннан үшіншіге көтерілді.
Ал Геннадий Головкин рейтингіде орта салмақта 1-орында тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов бесінші орыннан төртіншіге жайғасты.
Сондай-ақ жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец төртінші орыннан бесіншіге төмендеді.
https://turkystan.kz/article/219315-wbc-degi-kazakstandyk-boksshylardyn-reytingi-zhariyalandy/
Келесі мақала
ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024