
ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы талқыланды.
Жиынға Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердің жауапты мамандары қатысты.
Соңғы кездері жастар арасында Отан алдындағы әскери борыштарын өтеуден жалтару деректері жиілеуде. Бұл келеңсіздіктің алдын алу мақсатында мектеп қабырғасынан бастап әскери-патриоттық тәрбиелуге аса мән беруіміз керек.
Сондай-ақ, әскерден жалтарушылар үшін жауапкершілік қаралғандығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық Кодексiнің 387-бабы, әскери қызметтен жалтару бойынша бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшердегі ақыны өтейтіндей түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті заңда бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да көрсетілген.
Ал, қасақана өзiнiң денсаулығына зиян келтiру немесе аурумын деп жалған мәлімет беру арқылы әскерге барудан бас тартатындар үшін үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге заңдық негіз бар.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
Келесі мақала
АУДАНДЫҚ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024