
Жұмысшы топ кооператив жұмысын көріп қайтты
Үкіметтің 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында елімізде «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын.
Жоба ауыл тұрмысын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.
Бұл ретте «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылда кәсібін дөңгелетуді көздейтін азаматтар үшін 2025 жылға дейін 2,5 пайызбен шағын несие беріледі.
Жайылма ауылдық округінде жоба аясында "NURTILEU" ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған болатын.
Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, қосалқы шаруашылықпен айналысып жатыр.
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Амановтың тапсырмасы бойынша құрылған жұмысшы топ осы кооперативтің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарын зерделеді.
Ауыл тұрғындарының есік алдындағы жерлерін игеруі және ауладағы мал шаруашылығын дамыту барысын көріп қайтты.
Сарысу ауданы әкімдігі
Келесі мақала
ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024