Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
ашық дереккөз
ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы десек, біраздан бері қолға алынып келе жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы ел еңсесін көтеруге үлкен септігін тигізуде. Бұл жобаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықпен айналысуына қолдау көрсету. Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Амановтың тапсырмасы бойынша құрылған арнайы жұмысшы топ осы жоба аясында құрылған Байқадам ауылдық округіндегі «Саудакент» - 2019» ауыл шаруашылығы кооперативінің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары, ауыл тұрғындарының есік алдындағы жерлерін игеруі және ауладағы мал шаруашылығын дамыту барысы туралы зерделеу жүргізді. Айта кету керек, төрт жыл бұрын бұл пилоттық жоба бойынша ауданда Байқадам ауылдық округі таңдалған болатын. Жоба аясында «Саудакент – 2019» өндірістік кооперативі құрылып, ауылдағы 984 аула жобаға кіріп, 915,5 млн. теңге несиемен қамтылған болатын. Жоба аясында жергілікті халыққа 2,5 пайызбен несие берілді. 5 бағыт бойынша іске асырылған жобаның арқасында саудакенттіктер төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп келе жатыр. Сарысу ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар